
Жүргізуші көлікті белгіленген жылдамдықтан асырмай, жүріс қарқындылығын, көлік пен жүктің жай-күйін, жол және ауа райы жағдайларын ескере отырып жүргізеді. Қауіп туындағанда — жылдамдықты тоқтағанға дейін азайтады.
Елді мекендерде
- Жеңіл автомобильдер мен көліктің көпшілігі (арнайы белгі бойынша 90-ға дейін)
- 60 км/сағ
- Автобустар мен жүк автомобильдері
- 50 км/сағ
- Тұрғын аймақтар мен аула аумақтары
- 20 км/сағ
Елді мекендерден тыс (жеңіл автомобильдер мен мотоциклдер)
- Автомагистраль, белгі бойынша
- 140 км/сағ
- Бөлу жолағы бар жол
- 110 км/сағ
- Қалған жолдар
- 100 км/сағ
Елді мекендерден тыс (3,5 т-ға дейінгі жүк көліктері, шағын автобустар, қалааралық автобустар)
- Автомагистраль
- 110 км/сағ
- Бөлу жолағы бар жол
- 100 км/сағ
- Қалған жолдар
- 90 км/сағ
Елді мекендерден тыс (3,5 т-дан жоғары жүк көліктері, өзге автобустар, тіркемелі жеңіл автомобильдер)
- Автомагистраль
- 90 км/сағ
- Бөлу жолағы бар жол
- 80 км/сағ
- Қалған жолдар
- 70 км/сағ