23.1 · 159-тармақ, 160-тармақ, 161-тармақ, 162-тармақ, 163-тармақ

Жүкті орналастыру және белгілеу

Жүк қандай болуы керек және «Ірі көлемді жүк» белгісі қашан қажет.

Жүктің артқа 1 м-ден артық шығып тұруы «Ірі көлемді жүк» қалқаншасымен белгіленеді
Жүктің артқа 1 м-ден артық шығып тұруы «Ірі көлемді жүк» қалқаншасымен белгіленеді

Жүру алдында және жүру кезінде жүргізуші жүктің құлап қалмауы және жүріске кедергі жасамауы үшін оның орналасуын, бекітілуін және жай-күйін бақылайды.

  • жүктерді осы мақсатқа арналған көлік құралдарымен және құрамдарымен тасымалдайды; автобуста жүкті, оның ішінде қол жүгін, тек қол жүгін қоятын бөлімшеде тасымалдауға болады;
  • жүк пен жолаушылардың массасы және осьтерге түсетін жүктеме осы көлік құралы үшін жасаушы-кәсіпорын белгілеген көлемнен аспауы тиіс.

Жүк мыналарға жол бермеуі тиіс

  • адамдарды қауіпке ұшыратуға және мүлікке зиян келтіруге
  • жүргізушінің шолуы мен көрінуін шектеуге
  • басқаруды қиындатуға және көліктің орнықтылығын бұзуға
  • сыртқы жарық аспаптарын (стоп-сигнал мен бұрылыс көрсеткіштерін қоса), нөмірлерді және қолмен берілетін сигналдарды жабуға.