
- көлік құралдары лекте жүру бөлігінің оң жақ шетіне мүмкіндігінше жақын бір қатарда жүреді;
- 10 көліктен асатын лекті көк түсті жарқылдауық маягі бар кемінде екі көлік алып жүреді (басында және соңында);
- алып жүрусіз лек басып озуға мүмкіндік болу үшін 5 көліктен аспайтын топтарға бөлінеді;
- лек жолда тоқтағанда барлық көлікте авариялық сигнал беру қосылады.
- лек қатысушысы жетекші мен соңындағының талаптарын орындайды.
Лек қозғалысының басталуы
- Лек қатысушылары қозғалтқыштарды іске қосып, жақын жарық фараларын немесе күндізгі жүру шамдарын қосады. Дайын емес қатысушы бұл туралы лектің соңындағыға хабарлайды.
- Лек соңындағы лек шығатын жолақты жауып, ештеңе кедергі келтірмейтініне көз жеткізеді де, жетекшіге рұқсат береді.
- Жетекші дыбыстық сигнал беріп, қозғалысты бастайды, қалғандары соның артынан жүреді.
- Лек соңындағы лектің ақырғы қатысушысы шыққаннан кейін ғана лекке қосылады.