
5.20.1 белгісі
Бағыттарды алдын ала нұсқағыш
Белгіде көрсетілген елді мекендер мен басқа да объектілерге қарай жүру бағыттары. Белгіде жүру ерекшеліктері туралы хабарлайтын басқа белгілердің суреті салынуы мүмкін, ал төменгі бөлігінде белгіні орнату орнынан жол қиылысына немесе тежеу жолағының басталуына дейінгі арақашықтық көрсетіледі. Белгі 3.11–3.15 тыйым салу белгілерінің бірі орнатылған жол учаскелерін айналып өтуді нұсқау үшін де қолданылады.