4.4 «Жеңіл автомобильдер жүрісі» белгісі

4.4 белгісі

Жеңіл автомобильдер жүрісі

Жеңіл автомобильдердің, автобустардың, мотоциклдердің, маршруттық көлік құралдарының және рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т-дан аспайтын жүк автомобильдерінің жүруіне рұқсат етіледі. Белгі белгіленген аймақтағы кәсіпорындарға қызмет көрсететін, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін немесе белгіленген аймақта тұратын не жұмыс істейтін азаматтарға тиесілі басқа да көлік құралдарының жүруіне рұқсат етеді. Бұл жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа баратын жерге ең жақын қиылыста кіруге және одан шығуға тиіс.