2.5 «Аялдамай жүруге тыйым салынады» белгісі

2.5 белгісі

Аялдамай жүруге тыйым салынады

Тоқтау сызығының алдында, ал ол болмаса — қиылысатын жүру бөлігінің шетінің алдында тоқтамай жүруге тыйым салынады. Жүргізуші қиылысатын жолмен жүріп келе жатқан көлік құралдарына, ал «Басты жолдың бағыты» 7.13 таблицкасы болған кезде — басты жолмен жүргендерге жол беруге тиіс. 2.5 белгісі темір жол өткелінің немесе карантин бекетінің алдында қойылуы мүмкін. Бұл жағдайларда жүргізуші тоқтау сызығының алдында, ал ол болмаса — белгінің алдында тоқтауға тиіс.

Байланысты белгілер