
Аялдау мен тоқтап тұруға жолдың оң жағындағы жол жиегінде, ал ол болмаған кезде — жүру бөлігінің шетінде рұқсат етіледі. Көлік жүру бөлігінің шетіне параллель бір қатарға қойылады, егер жүру бөлігінің кеңейтілген жері өзгеше орналастыруға мүмкіндік бермесе.
- сол жағында — тек елді мекендерде: әр бағыт үшін бір жүру жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және біржақты жүру жолдарында;
- рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан асатын жүк автомобиліне біржақты жүру жолының сол жағында тек жүк тиеу немесе түсіру үшін аялдауға рұқсат етіледі;
- бүйір тіркемесі жоқ екі дөңгелекті көлік құралдарын екі қатар қоюға болады;
- тротуардың шетінде оған толықтай немесе ішінара кіріп тоқтап тұруға тек жеңіл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге рұқсат етіледі — егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмесе.
Аялдауға тыйым салынады
- егер трамвайлардың жүруіне кедергі келтірсе, трамвай жолдарына тікелей жақын жерде
- теміржол өтпелерінде және тоннельдерде
- эстакадаларда, көпірлерде, жолөткелдерде (егер осы бағытта жүру үшін жолақ үштен кем болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан)
- егер бұл жүріске кедергі келтірсе, тоқтаған көлік пен тұтас таңбалау сызығы (жүру бөлігінің шетін белгілейтіннен басқа), жүру бөлігінің қарсы шеті немесе сол шетте тұрған көлік арасындағы қашықтық 3 метрден кем жерлерде
- жаяу жүргіншілер өткелдерінде және олардың алдында 5 метрден жақын жерде
- ең болмағанда бір бағытта жолдың көрінуі 100 метрден кем болғанда, қауіпті бұрылысқа және жолдың бойлық қимасының дөңес құлдималарына жақын жүру бөлігінде
- жүру бөліктерінің қиылысында және қиылысатын жүру бөлігінің шетінен 30 метрден жақын жерде (қапталдағы өтпенің қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе бөлу жолағы бар үшжақты қиылыс жағынан басқа)
- аялдама алаңдарында және оларға 15 метрден жақын жерде, ал алаң болмаса — маршруттық көлік немесе такси аялдамасының нұсқағышынан 15 метрден жақын жерде (М2 және М3 санатты көлік құралдарынан басқа)
- көлік бағдаршам сигналдарын, жол белгілерін көлегейлейтін, басқа көліктердің кіруіне немесе шығуына мүмкіндік бермейтін немесе көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі (кептеліс) келтіретін жерлерде
- гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында
- велосипед жолында немесе велосипед жолағында.