12.2 · 86-тармақ, 88-тармақ, 90-тармақ

Тоқтап тұру және қауіпсіздік

Тоқтап тұруға қай жерде тыйым салынған және есік ашу қағидасы.

Есікті ашпас бұрын ешкімге кедергі жасамайтыныңызға көз жеткізіңіз
Есікті ашпас бұрын ешкімге кедергі жасамайтыныңызға көз жеткізіңіз

Тоқтап тұруға тыйым салынады

  • аялдауға тыйым салынған барлық жерде
  • эстакадаларда, көпірлерде және жол өткізгіштерде
  • елді мекендерден тыс жерлерде «Басты жол» белгісімен белгіленген жолдардың жүру бөлігінде
  • теміржол өтпелерінен 50 метрден жақын жерде
  • егер тұрғындарға қолайсыздық келтірсе, елді мекендерде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде
  • гүлзарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында.

Елді мекеннен тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тоқтап тұруға тек осыған арналған алаңдарда немесе жолдан тыс жерде рұқсат етіледі.