
Жолаушы міндетті
- қауіпсіздік белдігі болса — оны тағуға; мотоциклде немесе мопедте — түймеленген мотошлемде болуға
- отырғызу мен түсіруді тротуар немесе жол жиегі жағынан және көлік құралы толық тоқтағаннан кейін ғана жүргізуге.
Жолаушыға тыйым салынады
- жүріс кезінде жүргізушінің көлікті басқаруына алаңдаушылық туғызуға
- борт платформасы бар жүк автомобилінде — түрегеп тұруға, борттарда немесе борттан биік жүктің үстінде отыруға
- жүріс кезінде есіктерді ашуға, терезелер мен люктерден бой шығаруға
- мотоцикл немесе мопед жүріп келе жатқанда аяқ тіреуішке немесе отырғышқа тұруға.