Осы Жол жүрісі қағидалары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жол жүрісінің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарының оң жақпен жүруі белгіленген.
Жүрістегі өзгерістер немен енгізіледі
Жол жүрісін ұйымдастырудағы қажетті өзгерістер мен шектеулер тек жол белгілерінің, жол таңбаларының, бағдаршамдар мен реттеушілер сигналдарының көмегімен, сондай-ақ жүрісті реттеуге уәкілетті адамдардың өкімдерімен енгізіледі. Жүрісті ұйымдастыру өзгертілгенде қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.