Жол жүрісіне бір қатысушылардың құқықтарын іске асыру басқа қатысушылардың құқықтарын бұзбауы тиіс.
Жол жүрісіне қатысушылар міндетті
- осы Қағидаларды, «Жол жүрісі туралы» Заңның талаптарын білуге және сақтауға
- реттеуші мен бағдаршам сигналдарының, жол белгілері мен таңбаларының, жол жұмыстары кезіндегі дыбыстық және жарық сигналдарының, жедел және арнайы қызметтердің арнаулы сигналдарының талаптарын орындауға
- жүріс үшін қауіпсіз жағдайлар жасауға, өз әрекетімен немесе әрекетсіздігімен басқа қатысушыларға, олардың көлік құралдары мен өзге мүлкіне зиян келтірмеуге
- жол төсемін бүлдірмеуге және ластамауға, жол белгілерін алып тастамауға және көлегейлемеуге, оларды өз бетімен орнатпауға
- жүріске кедергі келтіретін заттарды жолға лақтыру немесе қалдыру арқылы жүрісті қиындатпауға және қауіпсіздікке қатер туғызбауға
- кедергі анықталғанда оны жою шараларын қолдануға, ал мүмкін болмаса — оны белгілеп, уәкілетті органға немесе жол иелеріне хабарлауға
- адал, әдепті әрекет етуге, мұқият және өзара сыпайы болуға
- жолдардың ластануына жол бермеуге, қоқыс пен заттарды арнайы бөлінген орындардан тыс жерге тастамауға
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жол жүрісі саласындағы өзге де міндеттерді орындауға.
Осы Қағидаларды бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Көлік құралын тоқтату
Көлік құралы тоқтатылғанда құжаттарды тексеруге құқығы бар адамдар көлікке дереу келіп, тоқтату себептерін түсіндіреді және жүргізушінің талабы бойынша қызметтік куәлігін оған бермей, танысу үшін көрсетеді.
Зардап шеккендер жоқ ЖКО кезінде
ЖКО кезінде зардап шеккендер болмаса және жүргізушілер мән-жайларды бағалауда келіссе, олар оқиға схемасын алдын ала жасап, қол қояды және рәсімдеу үшін жақын жердегі ішкі істер органдарының бөлімшесіне барады; ЖКО-ны оңайлатылған ресімдеу жағдайлары бұған жатпайды.