1.2 · 2-тармақ

Негізгі ұғымдар

ЖЖҚ сөздігі тақырып бойынша: көлік, жол, қатысушылар, маневр, көріну — іздеуі бар 72 термин.

Қағидаларда төменде келтірілген негізгі ұғымдар қолданылады. Бұл — кейінгі барлық тараулар сүйенетін сөздік, оны бірінші кезекте меңгерген жөн.

Көлік құралдары

  • АвтобусЖүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орын.

    жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль.

  • Автомобильжолдарда жүруге және олармен адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе көлік құралдарын сүйретуге арналған, троллейбустарды қоса алғандағы механикалық көлік құралы; адамдар мен жүктерді тасымалдау қосымша функция болып табылатын ауыл шаруашылығы тракторлары бұған жатпайды. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды.

    жолдарда жүруге және олармен адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты тасымалдауға немесе көлік құралдарын сүйретуге арналған, троллейбустарды қоса алғандағы механикалық көлік құралы; адамдар мен жүктерді тасымалдау қосымша функция болып табылатын ауыл шаруашылығы тракторлары бұған жатпайды. Ұғым тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға қолданылмайды.

  • АвтопойызТіркемесі (тіркемелері) бар тартқыш.

    тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы.

  • Ауыр салмақты көлік құралыМассасы не осьтік жүктемесі осы санаттағы жолдар үшін рұқсат етілгеннен асады.

    толық массасы немесе жүктеменің осьтер бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктемелерден асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.

  • Велосипедекі немесе одан да көп дөңгелегі бар (мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалардан басқа) және үстінде отырған адамдардың дене күшімен, оның ішінде қозғалтқышты пайдалана отырып қозғалысқа келтірілетін көлік құралы.

    екі немесе одан да көп дөңгелегі бар (мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалардан басқа) және үстінде отырған адамдардың дене күшімен, оның ішінде қозғалтқышты пайдалана отырып қозғалысқа келтірілетін көлік құралы.

  • Жүксіз массакөлік құралының экипажсыз, жолаушыларсыз және жүксіз, бірақ толық отын қоры мен қажетті құрал-сайман жиынтығы бар массасы.

    көлік құралының экипажсыз, жолаушыларсыз және жүксіз, бірақ толық отын қоры мен қажетті құрал-сайман жиынтығы бар массасы.

  • Жүкті массатиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың нақты массасы.

    тиелген көлік құралының, экипаж бен жолаушылардың нақты массасы.

  • Қауіпті жүктасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары және сақтау кезінде өз қасиеттеріне байланысты жарылысқа, өртке немесе бүлінуге, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтіруге себеп болуы мүмкін жүк.

    тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары және сақтау кезінде өз қасиеттеріне байланысты жарылысқа, өртке немесе бүлінуге, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өліміне, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтіруге себеп болуы мүмкін жүк.

  • Қоғамдық көлікжолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын жалпы пайдаланымдағы көлік, сондай-ақ такси.

    жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыратын жалпы пайдаланымдағы көлік, сондай-ақ такси.

  • Көлік құралыЖолмен адамдарды, жүктерді немесе жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы.

    адамдарды, жүктерді немесе үстіне орнатылған жабдықты жолдармен тасымалдауға арналған құрылғы.

  • Күндізгі жүріс оттарытәуліктің жарық уақытында жүріп келе жатқан көлік құралының алдынан көрінуін жақсартуға арналған сыртқы жарық аспаптары.

    тәуліктің жарық уақытында жүріп келе жатқан көлік құралының алдынан көрінуін жақсартуға арналған сыртқы жарық аспаптары.

  • Маршруттық көлік құралыБелгіленген маршрут бойынша аялдамалармен жүретін автобус, троллейбус, трамвай.

    жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен жүретін жалпы пайдаланымдағы көлік құралы (автобус, троллейбус, трамвай).

  • Механикалық көлік құралыМопедтен басқа, қозғалтқышпен жүретін көлік құралы.

    электр самокаттарды, шағын электр көліктерін және рельстік көлік құралдарын қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін өздігінен жүретін жол көлік құралы. Жол жүрісіне қатысқан кезде тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады.

  • МопедЕкі-үш дөңгелек, 50 текше см дейінгі қозғалтқыш, 50 км/сағ аспайтын жылдамдық.

    қозғалтқышының көлемі 50 текше см-ден аспайтын іштен жану қозғалтқышы не электр қозғалтқышы бар, ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағ-тан аспайтын екі немесе үш дөңгелекті механикалық көлік құралы. Мопедтерге мокиктер, скутерлер және соларға ұқсас көліктер теңестіріледі.

  • Мотоциклқозғалтқышы бар, бүйірлік тіркемесі бар немесе жоқ екі дөңгелекті механикалық көлік құралы. Жүксіз салмағы 400 кг-нан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көліктер, цилиндр көлемі 50 текше см-ден асатын скутерлер және соларға ұқсас көліктер теңестіріледі.

    қозғалтқышы бар, бүйірлік тіркемесі бар немесе жоқ екі дөңгелекті механикалық көлік құралы. Жүксіз салмағы 400 кг-нан аспайтын үш және төрт дөңгелекті көліктер, цилиндр көлемі 50 текше см-ден асатын скутерлер және соларға ұқсас көліктер теңестіріледі.

  • Рұқсат етілген ең жоғары массадайындаушы ең жоғары рұқсат етілетін ретінде белгілеген, жүк тиелген, жүргізушісі мен жолаушылары бар жарақталған көліктің массасы. Көлік құрамы үшін — оған кіретін көліктердің рұқсат етілген ең жоғары массаларының қосындысы.

    дайындаушы ең жоғары рұқсат етілетін ретінде белгілеген, жүк тиелген, жүргізушісі мен жолаушылары бар жарақталған көліктің массасы. Көлік құрамы үшін — оған кіретін көліктердің рұқсат етілген ең жоғары массаларының қосындысы.

  • Таксижолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған, Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобиль.

    жолаушылар мен багажды тасымалдауға арналған, Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған жеңіл автомобиль.

  • Тіркемеқозғалтқышы жоқ, механикалық көлік құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Ұғым жартылай тіркемелер мен тіркеме-роспускілерге де қолданылады.

    қозғалтқышы жоқ, механикалық көлік құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Ұғым жартылай тіркемелер мен тіркеме-роспускілерге де қолданылады.

  • Шағын электр көлігі құралы2026Самокат пен электрлі мопедтен басқа, бір адамға арналған электрлі құрал.

    электр самокаттар мен электр қозғалтқышы бар мопедтерді қоспағанда, бір немесе бірнеше дөңгелегі бар, жеке жүріп-тұруға арналған электр қозғалтқышты көлік құралы.

  • Ірі көлемді көлік құралыкөлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген габариттік мөлшерден асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.

    көлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген габариттік мөлшерден асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.

  • Электрмобильаккумулятор батареяларынан, сыйымдылық жинақтауыштарынан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышымен қозғалысқа келтірілетін және тек сыртқы электр энергиясы көзінен зарядталатын механикалық көлік құралы.

    аккумулятор батареяларынан, сыйымдылық жинақтауыштарынан және (немесе) отын элементтерінен энергия алатын электр қозғалтқышымен қозғалысқа келтірілетін және тек сыртқы электр энергиясы көзінен зарядталатын механикалық көлік құралы.

  • Электр самокат2026Екі-үш дөңгелек, отырғышы жоқ, жылдамдығы 25 км/сағ аспайды.

    екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышы арқылы бір адамның жүріп-тұруына арналған, отырғышы жоқ, ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 25 км/сағ-тан аспайтын жеке мобильділік көлік құралы.

Жол және оның бөліктері

  • АвтомагистральЖоғары жылдамдықты жол: қарсы ағындар бөлінген, бір деңгейде қиылысы жоқ; 5.1 және 5.2 белгілері.

    көлік құралдарының жүруі үшін жобаға сәйкес арнайы салынған немесе реконструкцияланған, жол бойындағы иеліктерге қызмет көрсетпейтін жол. Оған тек басқа жолдардан әртүрлі деңгейдегі айрықтар арқылы кіруге болады. Бұл жолдың: бір-бірінен бөлу жолағымен бөлінген, әртүрлі бағытта жүруге арналған бөлек жүру бөліктері бар; басқа жолдармен, теміржол және трамвай жолдарымен, жаяу жүргінші жолдарымен бір деңгейде қиылыстары жоқ; кіру жері 5.1 «Автомагистраль» белгісімен, шығу жері 5.2 «Автомагистральдың соңы» белгісімен белгіленген.

  • Басты жолБасымдық белгісі қойылған — не топырақ жолға қарағанда қатты жабыны бар жол.

    қиылысатын (қосылатын) жолдарға қатысты 2.1, 2.3.1–2.3.3 белгілерімен немесе 5.1 белгісімен белгіленген жол немесе топырақ жолға қатысты қатты төсемі бар жол. Қосалқы жолда қиылыстың дәл алдында төселген учаскенің болуы оны қиылысатын жолмен тең етпейді.

  • Бөлу жолағыІргелес жүру бөліктерін бөледі; онымен жүруге және тұруға болмайды.

    жолдың аралас жүру бөліктерін бөлетін, рельссіз көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне немесе аялдауына арналмаған, конструкциялық түрде бөлінген жол элементі; елді мекеннен тыс жолды кесіп өткенде жаяу жүргіншінің мәжбүрлі тоқтауы бұған жатпайды.

  • Велосипед жолыЖүру бөлігінен және тротуардан бөлінген, велосипедтерге арналған жеке жол.

    велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бөлігі; басқа жолдардан немесе сол жолдың элементтерінен конструкциялық түрде бөлінеді.

  • Велосипед жүретін жолақжолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруіне арналған жолағы; қалған жүру бөлігінен ұзына бойғы таңбамен және арнайы белгілермен бөлінеді.

    жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруіне арналған жолағы; қалған жүру бөлігінен ұзына бойғы таңбамен және арнайы белгілермен бөлінеді.

  • Газонөсімдіктерді отырғызу және саябақ құрылыстары үшін фон болып табылатын, жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі.

    өсімдіктерді отырғызу және саябақ құрылыстары үшін фон болып табылатын, жасанды шөп жабыны бар жер учаскесі.

  • Гүлзарондағы өсімдіктер өрнекті немесе суретті бейнелейтін, геометриялық пішін түріндегі жер учаскесі.

    ондағы өсімдіктер өрнекті немесе суретті бейнелейтін, геометриялық пішін түріндегі жер учаскесі.

  • Елді мекенКіреберісінде белгілері бар салынған аумақ — онда жылдамдық режимі бөлек.

    кіретін және шығатын жерлері 5.22, 5.23, 5.24 және 5.25 белгілерімен белгіленген құрылыс салынған аумақ.

  • Жаяу жүргіншілер өткелі5.16.1, 5.16.2, 5.16.3 белгілерімен және (немесе) 1.14.1–1.14.3 таңбаларымен белгіленген, жаяу жүргіншілердің жолдан өтуіне бөлінген жүру бөлігінің учаскесі. Таңба болмаған жағдайда өткелдің ені жол осі бойынша 5.16.1 және 5.16.2 белгілерінің арасындағы қашықтықпен айқындалады.

    5.16.1, 5.16.2, 5.16.3 белгілерімен және (немесе) 1.14.1–1.14.3 таңбаларымен белгіленген, жаяу жүргіншілердің жолдан өтуіне бөлінген жүру бөлігінің учаскесі. Таңба болмаған жағдайда өткелдің ені жол осі бойынша 5.16.1 және 5.16.2 белгілерінің арасындағы қашықтықпен айқындалады.

  • ЖолБүкіл жер жолағы: жүру бөлігі, жол жиектері, тротуарлар, бөлу жолақтары.

    көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруі үшін жайластырылған немесе бейімделген және пайдаланылатын бүкіл жер бөлу жолағы не жасанды құрылыс беті. Жол бір немесе бірнеше жүру бөлігін, сондай-ақ бар болса трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және бөлу жолақтарын қамтиды.

  • Жол жиегіЖүру бөлігінің бойындағы жол шеті — өтпелі жүріске арналмаған.

    жолдың жүру бөлігіне тікелей жанасатын, жер төсемінің орнықтылығын қамтамасыз етуге, жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің жүруін ұйымдастыруға, сондай-ақ төтенше жағдайларда пайдалануға арналған жол элементі.

  • Жолдың жүру бөлігіЖолдың көлік құралдары жүретін бөлігі.

    көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын жолдың бөлігі.

  • Жол қиылысыЖолдардың бір деңгейдегі қиылысы; іргелес аумақтардан шығу қиылыс саналмайды.

    қиылыс ортасынан неғұрлым алыс, қарама-қарсы жүру бөліктерінің дөңгелене бастайтын жерлерін жалғайтын жорамал сызықтармен шектелген, жолдардың бір деңгейде қиылысатын, қосылатын немесе тарамдалатын жері. Іргелес аумақтардан шығатын жерлер және дала, орман жолдарымен қиылысатын жерлер қиылыс болып саналмайды.

  • Жолдың жүру бөлігінің шетітаңбалау сызығымен, ол болмаған кезде — жол төсемінің жиегі бойынша шартты сызықпен айқындалады. Жиекті айқындау мүмкін болмағанда жүру бөлігінің шетін жол жүрісіне қатысушы тапталған жолақтың шеті бойынша айқындайды.

    таңбалау сызығымен, ол болмаған кезде — жол төсемінің жиегі бойынша шартты сызықпен айқындалады. Жиекті айқындау мүмкін болмағанда жүру бөлігінің шетін жол жүрісіне қатысушы тапталған жолақтың шеті бойынша айқындайды.

  • Жүру жолағыАвтомобильдердің бір қатарына жететін ені бар бойлық жолақ — таңбамен немесе онсыз.

    ұзына бойғы таңбамен белгіленген немесе белгіленбеген және автомобильдердің бір қатарда жүруіне жеткілікті ені бар жүру бөлігінің кез келген ұзына бойғы жолағы.

  • Теміржол өтпесіжолдың теміржолдармен бір деңгейде қиылысуы. Өтпенің шекарасы — жақын рельстен 10 метр қашықтықтағы жорамал сызықпен шектелген жол учаскесі.

    жолдың теміржолдармен бір деңгейде қиылысуы. Өтпенің шекарасы — жақын рельстен 10 метр қашықтықтағы жорамал сызықпен шектелген жол учаскесі.

  • ТротуарЖүру бөлігінің бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігі.

    жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жүру бөлігіне жанасатын немесе одан газонмен бөлінген жол бөлігі.

  • Тұрғын аймақ5.38 белгісі қойылған аумақ — онда жаяу жүргіншілер басым.

    Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 5.38 белгісімен белгіленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе алқап.

  • Іргелес аумақАулалар, тұрақтар, жанармай станциялары — жол жанында, бірақ өтпелі жүріске емес.

    жолға тікелей іргелес және көлік құралдарының транзитпен өтуіне арналмаған аумақ. Ол бойынша жүру Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Жол жүрісіне қатысушылар

  • Велосипедшівелосипедті басқаратын адам.

    велосипедті басқаратын адам.

  • Жаяу жүргіншіЖолдағы көлік құралынан тыс адам; велосипедті не самокатты жетектеп келе жатқандар да осында.

    жолда көлік құралынан тыс жүрген және онда жұмыс жүргізбейтін адам. Мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбадағы, велосипедті, электр самокатты, шағын электр көлігін, мопедті, мотоциклді жетелеп келе жатқан, шана, арба, бала арбасын сүйреп келе жатқан адамдар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі.

  • Жолаушыкөлік құралының үстінде (ішінде) отырған және оны басқармайтын адам.

    көлік құралының үстінде (ішінде) отырған және оны басқармайтын адам.

  • Жол жүрісіне қатысушыЖүргізуші, жаяу жүргінші, жолаушы.

    жол жүрісі процесіне жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде тікелей қатысатын адам.

  • ЖүргізушіКөлік құралын басқаратын адам; нұсқаушы мен мал айдаушы да осында.

    көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған, жегілген немесе мініс малын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі.

  • РеттеушіЖүрісті реттеуге уәкілетті адам: нысанды киімде не таяқшасы, таңғышы, дискісі бар.

    жолдағы жүрісті басқаруға уәкілетті, тиісті куәлігі мен жабдығы (нысанды киімі немесе айырым белгісі — таңғыш, таяқша, диск, фонарь немесе жалауша) бар, тәуліктің кез келген уақытында танылатын әрі көрінетін ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкері, көліктік бақылау немесе жол-пайдалану қызметінің жұмыскері, өтпедегі немесе паром өткеліндегі кезекші.

  • Ұйымдасқан жаяу жүргіншілер легіҚағидалардың 3-тарауы 14-тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгіленген, жолмен жүріп бара жатқан жаяу жүргіншілер тобы.

    Қағидалардың 3-тарауы 14-тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгіленген, жолмен жүріп бара жатқан жаяу жүргіншілер тобы.

  • Ұйымдасқан көлік легікөк түсті жарқылдауық маягі немесе көк және қызыл түсті маяктары қосылған бас көлік ілесіп жүретін, фаралары үнемі қосулы, бір жолақпен бірінің артынан бірі жүретін үш және одан көп механикалық көліктен тұратын топ.

    көк түсті жарқылдауық маягі немесе көк және қызыл түсті маяктары қосылған бас көлік ілесіп жүретін, фаралары үнемі қосулы, бір жолақпен бірінің артынан бірі жүретін үш және одан көп механикалық көліктен тұратын топ.

Жүріс және маневр

  • Артықшылық (басымдық)Басқа қатысушыларға қарағанда бірінші кезекте жүру құқығы.

    жол жүрісіне басқа қатысушылармен салыстырғанда белгіленген бағытта бірінші кезекте жүру.

  • АялдауБес минутқа дейін — не отырғызу, түсіру, тиеу үшін одан ұзақ.

    көлік құралының жүрісін бес минутқа дейінгі уақытқа не жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, көлік құралын тиеу немесе түсіру үшін қажет болса, одан көп уақытқа әдейі тоқтату.

  • Басып озуҚарсы жолаққа шығып озу және өз жолағына қайта оралу.

    жүріп келе жатқан жолағынан шығумен және кейіннен бұрын жүрген жолағына қайта оралумен байланысты, алда келе жатқан бір немесе бірнеше көлік құралын озып өту.

  • Жол беру (кедергі туғызбау)Басқаны тежеуге не бағытын өзгертуге мәжбүрлейтін болса, жүрмеу және маневр жасамау.

    жол жүрісіне қатысушы, егер бұл артықшылығы бар басқа қатысушыларды жүру бағытын немесе жылдамдығын өзгертуге мәжбүрлеуі мүмкін болса, жүруді бастамайды, қайта жалғастырмайды немесе жалғастырмайды, маневр жасамайды.

  • Жол жүрісіжолдар шегінде адамдар мен жүктерді көлік құралдарымен немесе оларсыз орын ауыстыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

    жолдар шегінде адамдар мен жүктерді көлік құралдарымен немесе оларсыз орын ауыстыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы.

  • Қатар ауыстыруЖүру бағытын сақтай отырып көрші жолаққа ауысу.

    көлік құралының өзі жүріп келе жатқан жүру жолағын бастапқы жүру бағытын сақтай отырып ауыстыруы.

  • Көлік құралының орташа жүру жылдамдығыхалықаралық, республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтық жүріп өтілген уақыт аралығына бөлумен айқындалатын жылдамдық.

    халықаралық, республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтық жүріп өтілген уақыт аралығына бөлумен айқындалатын жылдамдық.

  • Маневр жасауЖүрісті бастау, бұрылу, бұрылып қайту, қатар ауыстыру, артқа жүру.

    аялдамадан (тұрақтан) қозғала бастау, аялдау, бұрылу (кері бұрылу), қатар ауыстыру, тежеу және кері жүріспен қозғалу.

  • Мәжбүрлі аялдауЕріксіз тоқтау: ақаулық, жүк, жүргізушінің жағдайы, кедергі.

    техникалық ақауға, жүк тудырған қауіпке, жүргізушінің (жолаушының) жай-күйіне немесе жолда кедергінің пайда болуына байланысты жүрісті тоқтату.

  • Озып шығуҚарсы жолаққа шықпай, көрші көліктерден жылдам жүру.

    көлік құралының бір бағыттағы көрші жолақпен жүріп келе жатқан көліктің жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жүруі.

  • Тоқтап тұруБес минуттан ұзақ әрі отырғызуға, түсіруге, тиеуге байланысты емес.

    көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептермен бес минуттан артық уақытқа әдейі тоқтату.

Көріну және қауіптілік

  • Жарық шағылыстыратын затжарық сәулесін көзге кері қайтара алатын арнайы материалдардан жасалған, жақын жарық фараларында 150 метр және алыс жарықта 400 метр қашықтықтан көрінуді қамтамасыз ететін зат, оның ішінде жарық шағылыстыратын киім немесе киімдегі элемент.

    жарық сәулесін көзге кері қайтара алатын арнайы материалдардан жасалған, жақын жарық фараларында 150 метр және алыс жарықта 400 метр қашықтықтан көрінуді қамтамасыз ететін зат, оның ішінде жарық шағылыстыратын киім немесе киімдегі элемент.

  • Жеткіліксіз көрінуЖол 300 метрден жақын көрінеді: тұман, жаңбыр, қар жауу, ымырт.

    тұман, жаңбыр, шаң, қар жауу және сол сияқты жағдайларда, сондай-ақ қаракөлеңкеде жолдың 300 метрден кем көрінуі.

  • Жол-көлік оқиғасыЖүріп келе жатқан көлік құралы қатысқан оқиға: қаза, жарақат немесе зиян.

    көлік құралының жолдағы қозғалысы процесінде және оның қатысуымен туындаған, адам денсаулығына зиян келтіруге, адам өліміне, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне не өзге материалдық залалға әкеп соққан оқиға.

  • Жүруге кедергіЖолақтағы қозғалмайтын нәрсе; кептеліс пен Қағидаларға сай тұрған көлік кедергі емес.

    осы жолақпен жүруді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін, жүру жолағындағы қозғалмайтын объект. Кептеліс немесе осы жолақта Қағидаларға сәйкес тоқтаған көлік құралы кедергі болып саналмайды.

  • Жүру үшін қауіптілікБұрынғыдай жүре беру ЖКО қаупін туғызатын жағдай.

    сол бағытта және сол жылдамдықпен жүруді жалғастыру жол-көлік оқиғасының туындау қаупін тудыратын жағдай.

  • Тәуліктің қараңғы уақытыКешкі ымырт аяқталғаннан таңғы ымырт басталғанға дейін.

    кешкі қараңғылық түскеннен таңертеңгі елең-алаңға дейінгі уақыт аралығы.

  • Шектеулі көрінуЖол 100 метрден жақын көрінеді: жер бедері, ғимараттар, ағаштар, басқа көліктер.

    жер бедерімен, жолдың геометриясымен, өсімдіктермен, үйлермен, құрылыстармен немесе өзге объектілермен, оның ішінде көлік құралдарымен шектелген, жүргізушінің жүру бағытында жолды 100 метрден кем көруі.

Өзге ұғымдар

  • Багажбуып-түйілген және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі.

    буып-түйілген және Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі.

  • Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдаутұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылардың автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулары.

    тұрақты тасымалдауға жатпайтын, белгіленген тәртіппен берілген лицензиялары бар тасымалдаушылардың автобустарды, шағын автобустарды пайдалана отырып жүзеге асыратын тасымалдаулары.

  • Жол жүрісінің қауіпсіздігіқатысушыларының жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ экологиялық жағдай мен халық денсаулығына теріс әсерлерден қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі.

    қатысушыларының жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан, сондай-ақ экологиялық жағдай мен халық денсаулығына теріс әсерлерден қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі.

  • Жол жүрісін ұйымдастыружол жүрісін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешені.

    жол жүрісін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешені.

  • Жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу«Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңда белгіленген жағдайларда ЖКО туралы құжаттарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз ресімдеу.

    «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңда белгіленген жағдайларда ЖКО туралы құжаттарды ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз ресімдеу.