
1.1 таңбасы
Тұтас сызық (жіңішке)
Қиып өтуге болмайдыҚарама-қарсы бағыттардағы көлік ағындарын бөледі және жолдардың қауіпті жерлеріндегі жүру жолақтарының шекараларын белгілейді.
Кіруге тыйым салынған жүру бөлігінің шекараларын белгілейді.
Көлік құралдарының тұрақ орындарының шекараларын және автомагистральдарға жатпайтын жолдардың жүру бөлігінің шетін белгілейді.
Көлік құралын жол жиегіне тоқтату үшін немесе кедергіні айналып өту кезінде, егер оны осы ерекшелікке жүгінбей орындау мүмкін болмаса, ерекшелік ретінде қиып өтуге жол беріледі.