
1.11 таңбасы
Үзік сызықпен қатар тұтас сызық
Ескертпемен қиып өтіледіҚатар ауыстыруға тек бір жолақтан рұқсат етілген жол учаскелерінде қарама-қарсы немесе ілеспе бағыттардағы көлік ағындарын бөледі.
Кері бұрылуға, тұрақ алаңдарына кіруге және одан шығуға арналған және соған ұқсас, қозғалыс тек бір жаққа рұқсат етілген жерлерді белгілейді.
1.11 сызығын үзік сызық жағынан, сондай-ақ тұтас сызық жағынан да қиып өтуге рұқсат етіледі, бірақ тек басып озуды немесе айналып өтуді аяқтаған кезде.