Жолдағы «Реверстік жүру жолақтарының шекаралары» таңбасы

1.9 таңбасы

Реверстік жүру жолақтарының шекаралары

Ескертпемен қиып өтіледі
«Реверстік жүру жолақтарының шекаралары» таңбасының сызбасы

Реверстік реттеу жүзеге асырылатын жүру жолақтарының шекараларын белгілейді

Реверстік реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағындарын бөледі (реверстік бағдаршамдар сөндірулі кезде).

1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар болмаған кезде немесе олар сөндірулі болғанда, ол жүргізушінің оң жағында орналасса, қиып өтуге рұқсат етіледі; реверстік бағдаршамдар қосулы кезде — егер ол бір бағытта жүруге рұқсат етілген жолақтарды бөлсе, кез келген жағынан. Реверстік бағдаршамдар сөндірілген кезде жүргізуші дереу 1.9 таңба сызығының артына оңға қарай қатарын ауыстыруға тиіс.

Қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағындарын бөлетін 1.9 сызығын реверстік бағдаршамдар сөндірулі кезде қиып өтуге тыйым салынады.