3.24 «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» белгісі

3.24 белгісі

Ең жоғары жылдамдықты шектеу

Белгіде көрсетілгеннен асатын жылдамдықпен (км/сағ) жүруге тыйым салынады. Ескертпе. Егер осы жол учаскесінде енгізілетін ең жоғары жылдамдық шектеуі алдыңғы учаскеде жол берілетін жүру жылдамдығынан 20 км/сағ-тан астам айырмашылықта болса, бір-бірінен 100 м-ден 150 м-ге дейінгі қашықтықта алшақ орналасқан 3.24 белгілерін дәйекті қою арқылы қадамы 20 км/сағ-тан аспайтын сатылы жылдамдық шектеуі қолданылады. Белгілердің көрінуі кемінде 150 м болса, «Елді мекеннің басталуы» 5.22 белгілерімен белгіленген елді мекендердің алдында сатылы жылдамдық шектеуі қолданылмайды.

Бұзғаны үшін айыппұл

5–40 АЕК

ҚР ӘҚБтК 592-бабы

Белгіленген жылдамдықты 10–20 км/сағ арттыру — 5 АЕК; 20–40 — 10 АЕК; 40–60 — 20 АЕК; 60-тан астам — 40 АЕК.

Байланысты белгілер