3.4 белгісі
Жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салынады
Рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т-дан асатын (егер белгіде масса көрсетілмесе) немесе рұқсат етілген ең жоғары массасы белгіде көрсетілгеннен асатын жүк автомобильдері мен көлік құралдары құрамдарының, сондай-ақ тракторлар мен өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады. 3.4 белгісі борттарында көлбеу ақ жолағы бар немесе адам тасымалдауға арналған жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салмайды.
Бұзғаны үшін айыппұл
3 АЕКҚР ӘҚБтК 601-бабының 1-бөлігі
Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау. Бір жыл ішінде қайталап жасалса — 10 АЕК (601-бап, 2-бөлік).