3.3 белгісі
Механикалық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады
Барлық механикалық көлік құралдарының екі бағытта жүруіне тыйым салынады. Белгінің күші маршруттық көлік құралдарына, белгіленген аймақтағы кәсіпорындар мен азаматтарға қызмет көрсететін көлік құралдарына, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай адамдарды тасымалдайтын көлік құралдарына қолданылмайды.
Бұзғаны үшін айыппұл
3 АЕКҚР ӘҚБтК 601-бабының 1-бөлігі
Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау. Бір жыл ішінде қайталап жасалса — 10 АЕК (601-бап, 2-бөлік).