Пайдалануға тыйым салынатын жағдайлар

14. Көлік құралдарын пайдалануға мынадай жағдайларда тыйым салынады:

  • жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қатер төндіретін техникалық ақаулар мен жағдайлардың болуы, техникалық регламенттерге, стандарттарға, қағидаларға және техникалық пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ тиісті келісусіз қайта жабдықталуы
  • тораптар мен агрегаттардың нөмірлері тіркеу құжаттарының деректеріне сәйкес келмейді не жасырылған, қолдан жасалған немесе өзгертілген
  • тіркеу құжаттары жоқ
  • міндетті техникалық байқаудан өтпегеншығарылған жылын қоса алғанда жеті жылдан аспайтын, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын M1 санатындағы КҚ-дан басқа
  • мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ не олар белгіленген талаптарға және тіркеу құжаттарына сәйкес келмейді
  • КҚ иелерінің және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалмаған; шарттың жасалғаны лауазымды адамдардың сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға сұрау салуы арқылы расталады
  • техникалық жай-күйі мен жабдығы пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізбесінің талаптарына сай келмейді
  • онымен бірге құрамда жүруге арналмаған тіркемесі бар автомобильді басқару
  • жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін рельсті КҚ техникалық ақаулары не Рельсті көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес келмеуі
  • КҚ жедел және арнайы қызметтердің тізбесіне кірмей тұрып арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған және арнайы түрлі-түсті графикалық схемалар бойынша боялған
  • мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері заңнамада көзделмеген орындарға орнатылған
  • қауіпті жүктерді тасымалдайтын КҚ алдында және артында «Қауіпті жүк» белгісі жоқ