Авариялық аялдау белгісі, KZ, сүйрету
10. Авариялық аялдау белгісі. Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 7-тарауының талаптарына сәйкес қолданылатын шам шығаратын жыпылықтайтын қызыл түс күндіз күн ашық ауа райында және көрінудің жеткіліксіз жағдайларында жақсы ажыратылуға тиіс.
11. «KZ» айырым белгісі мемлекеттік тіркеу нөмір белгісінен бөлек орналастырылғанда, әріптердің биіктігі кемінде сексен миллиметр болуға және ені кемінде он миллиметр штрихтармен белгіленуге тиіс. Әріптер басты білігі көлденең эллипс нысанындағы ақ фонда қара түсті; фон жарық шағылыстыратын материалдан болуы мүмкін. Белгі жеңіл автомобильдердің, шағын автобустар мен автобустардың артқы әйнегіне жоғарғы оң жақ бұрышқа, ал қалған көлік үшін — артқы панельдің оң жақ бөлігінде ортасына орнатылады.
12. Сүйрету кезінде иілгіш байланыстырушы буындарды белгілеуге арналған ескерту құрылғылары екі жағынан да диагональ бойынша жарық қайтаратын беті бар, ені елу миллиметр қызыл және ақ кезектесетін жолақтар салынған, өлшемі 200×200 мм жалаушалар немесе қалқаншалар түрінде орындалады. Иілгіш байланыстырушы буынға кемінде екі ескерту құрылғысы орнатылады.
13. Қатты сүйрету құрылғысының конструкциясы 25907 МемСТ талаптарына сай болуға тиіс.