Лауазымды адамдардың міндеттері
15. Көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен пайдаланылуына жауапты лауазымды және өзге де адамдарға тыйым салынады:
- пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар, рұқсатсыз қайта жабдықталған, тіркелмеген, міндетті техникалық байқаудан өтпеген, сол сияқты иелері міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралдарын желіге шығаруға
- масаң күйдегі, реакция мен зейінді нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі, ауру немесе шаршаған күйдегі жүргізушілерді, сондай-ақ осы санаттағы КҚ басқару құқығы жоқ адамдарды басқаруға жіберуге
- шынжыр табанды тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды асфальт және цемент-бетон жабыны бар жолдармен жүруге жіберуге