артқы шолу айналары, әйнектер және күнге қарсы қалқаншалар жоқ немесе талаптарға сәйкес келмейді
дыбыс сигналы жұмыс істемейді немесе жиілігі өзгеретін дыбыс сигналы орнатылған
жүргізуші орнынан шолуды шектейтін қосымша заттар орнатылған
жүргізуші жағындағы әйнек тазартқыш тазалайтын аймақта алдыңғы әйнекте жарықтар
есік құлыптары, борттар мен мойындар бекіткіштері, отырғыш бекіткіштері, автобустың авариялық шығуы мен сигнал беруі, спидометр, тахограф, әйнектерді жылыту және үрлеу құрылғылары жұмыс істемейді
артқы қорғаныш құрылғысы, кірден қорғайтын алжапқыштар мен шашырауға қарсы қалқандар жоқ
тартқыш-ілінісу және тіреуіш-ілінісу құрылғылары ақаулы, сақтандырғыш арқандар (шынжырлар) жоқ немесе ақаулы
медициналық дәрі қобдишасы, өрт сөндіргіш, авариялық аялдау белгісі (жыпылықтайтын қызыл шам) жоқ3,5 т-дан асатын жүк көліктері мен автобустарда — кері кетуге қарсы кемінде екі тіреуіш те
қауіпсіздік белдіктері жоқ немесе жарамсыз (белбеуде көзге көрінетін жыртылулар), егер оларды орнату конструкцияда көзделсе
тіркеу белгісі стандарт талаптарына сай келмейді не оның белгілеулерін жасыратын құрылғылармен жабдықталған
мотоциклде қауіпсіздік доғалары, тіреуіштер, жолаушыларға арналған көлденең тұтқалар жоқ
КҚ қайта жабдықтау техникалық реттеу саласындағы талаптарды бұза отырып орындалған